Шымбұлақта қар көшкіні жүрді

Бүгін Шымбұлақ тау шаңғысы курортында қар көшкіні жүрді. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Қазселденқорғау» ММ дерегіне сүйенсек, №26в, 26г қар көшкіндер жинағында қар көшкіні орын алды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетсек, бұған дейін ТЖД Қазгидромет РМК-ның 07 наурыздағы дауылды ескерту негізінде азаматтарды ақпараттандыру үшін смс-хабарландыру, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарға (оның ішінде Шымбұлақ ГЛК) таулардағы көшкін қаупі туралы хабарламалар, хат-ескертулер жіберіліп хабардар етілді.

Нақтыланған ақпарат бойынша 2025 жылғы 10 наурызда «Шымбұлақ» ТШК-да жолдан тыс шаңғышылармен сырғанау кезінде (3 турист) тау бөктерін кесіп, көлемі шамамен 3500 м³ қар көшкінінің түсуіне ықпал етті.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр