Шымбұлақта аспалы жол тоқтап қалды: Кабинадағы адамдарды құтқарушылар түсіріп алды

Бүгін теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында «Комби-2» аспалы жолы тоқтап қалды.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Алматы қаласы ТЖД құтқарушылары, ТЖМ РЖҚЖ және курорттың қызметкерлері шұғыл түрде кабинада қалған 21 адамды альпинистік құрал-жабдықпен түсірді. Талғар асуында қалған шамамен 100 қонақты қауіпсіз жерге эвакуациялады

Сондай-ақ, «Шымбұлақ» ТШК әкімшілігі ыстық сусындар мен жылынатын орындар ұсынды.

Зардап шеккендер жоқ.

 Аспалы жол уақытша жұмыс істемейді – қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды