Шымбұлақ маңында болған қар көшкіні кезінде ресейлік әйел қаза тапты

Алматы қаласы Құтқару қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 14:57-де «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының диспетчері Талғардың сол жақ бөлігінде, Богданович мұздық асуының үстінде қар көшкіні болғанын хабарлады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Соңғы мәліметтерге сәйкес, бір адамның қаза тапқаны белгілі болды. 

Үш фрирайдер ескертулерді елемей, Талғар асуында шаңғымен еңісті кесіп өткен кезде қар сырғыған. Нәтижесінде үшеуі де үйінді астында қалған. Зардап шеккендердің екеуі өз бетімен шыққан. Ал әйелдің денесін қар астынан құтқарушылар алып шыққан. 

Қаза тапқан адамның жеке басы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды