Шілденің соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады.

Алматы, NEGE. Салдарынан найзағай ойнап, бұршақ, жауын жауады: елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде кейде қатты жаңбыр жауады, жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде түнде термометрлер 7 12°С дейін төмендейді, күндізгі ауа температурасы солтүстікте 15 25°С, батыста 30 35°С, елдің орталығы мен шығысында 20 28°С, ал Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 22 33°С болады деп болжануда.