Шілдеге арналған ауа-райы
Шілде айында республиканың барлық аумағында ауа температурасы климаттық норма шегінде болады.
Алматы, NEGE. «Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын қалыпты норма шегінде болады деп күтілуде. Орташа көпжылдық мәндерден аз жауын-шашын мөлшері елдің тек оңтүстік-батыс бөлігінде (Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Ақтөбе облысының оңтүстігінде), орталықта (Қарағанды облысы және Балқаш көлінде) және Алматы мен Жамбыл облыстарының солтүстік аумағында ғана жауады» - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Жауын-шашын, екпінді жел және ауа температурасының төмендеуі күтіледі: елдің солтүстік жартысында түнде 7 12°С, күндіз 17 23°С-қа дейін; оңтүстікте түнде 13 18°С, күндіз 25 30°С дейін.
Шілдеде Қазақстанның солтүстік аймақтарында температура 25 33°С, ал оңтүстікте 30 35°С болады.
Бірақ кейбір күндері оңтүстікте термометр 35 45°С-қа, ал солтүстікте 30 38°С-қа дейін айтарлықтай көтерілуі мүмкін.
Синоптиктердің болжауынша, шілдеде елдің барлық өңірінде ыстық болады.