Шілде айында Өзбекстанға барған туристердің үштен бірі – қазақстандықтар

Өзбекстанның туризм саласы қайта қалпына келуде, шілдеде шетелдік туристер ағынының өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш есе өскенін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік статистика комитетінің деректері бойынша, 2022 жылғы шілдеде Өзбекстанға туристік мақсатта 540,7 мың шетел азаматы барған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 359,8 мың адамға, яғни 3 есеге көп.

Шетелдік туристің үштен бір бөлігін (181,8 мың адам) Қазақстан азаматтары құрады. Сондай-ақ туристердің үздік үштігіне Өзбекстанмен көршілес елдер Тәжікстан (143,4 мың турист) мен Қырғызстан (126,3 мың) кірді.

Ресей Федерациясынан келген қонақтар саны 61,6 мың адамды құрады. Алыс шетелдерден 27,6 мың турист келді, оның ішінде Түркиядан - 6,8 мың қонақ, Оңтүстік Кореядан – 2, 2 мың, Германиядан - 1,5 мың, АҚШ-тан - 1,3 мың адам келген.

Бұған дейін Өзбекстан 10 маусымнан бастап коронавирус пандемиясына байланысты республикаға келгендерге барлық шектеулерді алып тастағаны туралы хабарланған болатын.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті