Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады

Шілде айында Қазақстан азаматтары әдеттегі сенбі мен жексенбі күндеріне қоса тағы 2 күн демалатын болды.

Алматы, NEGE. ҚР «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мереке атап өтілетін күндер елдің еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері болып саналады. Биыл елорда күні - 6 шілде дүйсенбіге келіп тұр. Сондықтан бұл күні қазақстандықтар демалады. Мұнан бөлек, мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айт мерекесінің бірінші күні демалыс саналады. Ал биыл бұл мереке шілде айының 31-іне, жұма күніне тұспа-түс келіп тұр. Демек, шілде айында қазақстандықтар жалпы 10 күн демалады.

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстан азаматын атып кетті

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі