Шілде айында 42500 теңгеге кім өтініш бере алады?

Coronavirus2020.kz. ресми Telegram-каналы шілде айына 42500 теңге әлеуметтік көмек төлеу талаптарын атады.

Алматы, NEGE.  «Бір айға 42500 теңге – төлем карантин шараларының күшейтілуіне орай қызметтері шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, өз-өзін жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жасалатын болады», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 13 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасатынын хабарлаған еді. Мемлекет басшысы шілде айына мұқтаж жандарға үкіметтің 42500 теңге төлейтінін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті