Шығыста жолдар жабылды

Шығыс Қазақстан облысындағы екі автожолда қозғалыс шектелді.

Алматы, NEGE. «Қазавтожол» таратқан хабарламаға сәйкес, ауа райының нашарлап кетуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы «Алматы-Өскемен» жолының 778-967 км жолында, Аягөз қаласы-Қалбатау ауылы аймағында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынды.

Қалбатау ауылы-Қасым Қайсенов ауылының бұрылысы аймағында, «Алматы-Өскемен» тасжолының 971-1068 километрінде барлық көлік түрінің қозғалысы тоқтатылды. Ауа райының нашарлап кетуіне байланысты (боран, көріну нашарлау) «Үшарал-Достық» тасжолының 83-184 км, Көктұма ауылы-Достық ауылы маңында жүк көлігі мен қоғамдық көліктің жүруіне шектеу қойылды.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы