Шығыста аю малға шауып жатыр

Шығыс Қазақстандағы оқырмандарымыз редакцияға хабарласып, аюдың малға шауып жатқанын айтты.

Алматы, NEGE. Зырян ауданының Чапаево ауылы тұрғынының екі бұқасына аю шабуыл жасап, бір бұқасын талап өлтірген. Оқиға Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы «Пихтовое» деп аталатын жайылымда болыпты. Малшы Иван Дегтяревтің айтуынша, екі жылдан бері аюлар малға маза берер емес. Іріқараны өлімші етіп талап, тоқты-торпақты қолтықтап әкетеді екен.

Жергілікті жұртқа аңшылар әзірге көмектесе алмайды. Өйткені қоңыр аюды атуға рұқсат тек қыркүйек айының алғашқы жексенбісінен бастап қана беріле бастайды.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған