Шығыс Қазақстандағы Аягөз қаласының әкімі ауысты

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласының әкімі болып Медет Мырзыкешов сайланды.

ШҚО, NEGE. Аягөз аудандық сайлау комиссиясының қаулысымен Аягөз қаласының әкімі болып Медет Мырзыкешов сайланды.

Медет Нығметоллаұлы 1988 жылы Семей облысы Аягөз ауданы Шынқожа ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар:

2008-2011 жылдары Семей қаласы Шәкәрім атындағы СМУ университетін бітірген. 2015 жылы Қарағанды экономикалық университетінің құқықтану мамандығын тәмамдаған.

2008-2012 жылдары Аягөз қаласындағы 10810 әскери бөліміне келісім-шарт бойынша жұмыс істеген.

2012-2013 жылдары «Таскара» әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағында, 2013-2014 жылдары Суздаль жедел взводында құтқарушы болды.

2014-2016 жылдары Аягөз ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2016-2020 жылдары аталған бөлімнің басшысы болып қызмет етті.

2020 жылдың мамыр айынан бастап осы уақытқа дейін Аягөз ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.


 

Қазір оқып жатыр

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды