Шығыс Қазақстанда студент пен оқушы қыз қайтыс болды
Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысында екі жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарап жатыр. Мұны облыстық білім басқармасы растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы, NEGE. Риддердегі мектептердің бірінің оқушысы мен Алтай қаласындағы колледждің студенті өз-өзіне қол жұмсаған.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбектің кәмелетке толмағандардың өлімі фактісін растады. Олар студент және 6-сынып оқушысы.
"Оқу кезінде емес, демалыс күндері балалар үйінде жүрген кезде болған, бұл суицид пе, жоқ па - оны полиция анықтайды", - деді ол.