Шығыс Қазақстанда Катонқарағай ауданының тауларында өрт шықты

Шығыс Қазақстанда Катонқарағай ауданының тауларындағы өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.

Алматы, NEGE. 1700 м-ден астам биіктікте шамамен 3 гектар аумақта жартастардағы жекелеген ағаштарды өрт шарпыды. 

Қорғаныс министрлігінің Ми-171 және ШҚО  әуе бөлімшелерінің МИ-2 тікұшақтары өрт ошақтарына әуеден 19 рет су рет көлемі 50 тоннаға жуық су төкті.

155 орманшы, өрт сөндіруші және жергілікті атқарушы органдар, 13 бірлік техника және 3 тікұшақ сөндіру жұмыстарын жалғастыруда.