2 октября 2023 г. 14:24

Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғыны жабайы қабанды атып өлтірген

Фото:

Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғыны жабайы қабанды атып өлтірген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Глубокое ауданының тұрғыны заңсыз аң аулады деген күдікке ілінді. Жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында Күршім ауданының полицейлері Глубокое ауданының 46 жастағы тұрғынын ұстаған.

Ол тиісті құжаттары жоқ Иж-5 тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықпен қабанды атып өлтірген. Оқиға орнынан құқық қорғау органдары заттай дәлелдемелер: мылтық, гильзалар және қабанның ұшасын тәркілеген. Шығын миллион теңгеден асады.

Аталған факті бойынша күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған баптың ең жоғарғы санкциясы бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Тегтер: