Шығыс Қазақстан облысында мас әкім көлік соққаны үшін 20 тәулікке қамалды

Бұл жағдай 1 қазан күні Алтайда болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. Алтай ауданындағы ауылдық округтердің бірінің әкімі Chevrolet Niva қызметтік көлігімен аулада тұрған ВАЗ-21099 көлігін соққан.

Шенеунік жол апатына кінәлі екенін, оқиға кезінде мас болғанын мойындады. Медициналық сараптама әкімнің "жеңіл дәрежедегі мас күйінде" рөлге отырғанын растады.

Сот шенеунікті 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу жөнінде үкім шығарды.Бұған қоса әкім жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Ауылдық округ басшысы әлі сот шешіміне шағымдана алады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады