Шығыс Қазақстан облысында бірқатар жол жабылды

Шығыс Қазақстан облысында бірқатар жол жабылды.

Алматы, NEGE. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 24 желтоқсанда күн райының нашарлауына, нақты айтқанда қатты боран соғып, жолдың нашар көрінуіне байланысты сағат 10.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» тасжолында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.

Сондай-ақ «Семей-РФ шекарасы» тасжолында (Семей қаласы мен Қалбатау ауылының аралығы) автобустар мен жүк көліктерінің қатынауына шектеу қойылды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін «Семей-Курчатов» тасжолының 4-130 шақырымы және «Семей-Қарауыл» тасжолының 4-182 шақырымы көліктің барлық түрлері үшін жабылғаны хабарланған болатын.