5 августа 2023 г. 17:50

Шығыс Қазақстан облысында 4 ауыл ауыз сусыз қалуы мүмкін

Фото:

ШҚО Шемонаиха ауданына қарасты 4 ауыл ауыз сусыз қалуы мүмкін. 

Алматы, NEGE. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданына қарасты 4 ауыл ауызсусыз қалуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». Елді мекендердегі орталық су жүйесі істен шығып жатыр. Құбырлар инженерлік коммуникацияның тозуынан бұзылған. Первомайский кентінің тұрғындары әкімдіктен көмек күтпей-ақ, апатты жағдайдағы құдықтарды жөндеуге кіріскен. Десе де ауыл тұрғындары мәселені шешуге қауқарсыз. Коммуникацияны қалыпқа келтіру үшін қыруар қаржы керек.

Елді мекендегі орталықтандырылған жүйенің жағдайы осындай. Құбырлар шіріп кеткендіктен, судың түсі өзгеріп, сапасы нашарлаған.   Бұл сорғы станциясы суды Ертістен алып, тазартады. Өзеннің деңгейі төмендесе болды, тіршілік нәрін тарту қиындай түседі. Бұған дейін ауылды тіршілік нәрімен қамту үшін артезиан ұңғымаларын пайдалану мәселесі көтерілген. Алайда экологиялық жоба аяқсыз қалды.

Тегтер: