Шығыс айналма жолының құрылысы кестеге сәйкес атқарылуда

Шымкент қаласында Шығыс айналма жолының яғи, №1 автожолдан Жібек жолы көшесіне дейінгі аумақта құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Шымкент,  NEGE. Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше ұзындығы 3,98 шақырымды құрайтын жол құрылысының мерзімі 2021-2023 жылдарға жоспарланған. Жауапты мердігер мекеме – «Отау Строй» ЖШС. Ал жобалаушы мекеме – «Улмад» ЖШС.

Қазіргі таңда аталған нысанның жол негіздемесін дайындау, жол жабынының жер жұмыстары қолға алынған. Бекітілген өндірістік кестеге сәйкес, биыл байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстыру және жол құрылысы жұмыстары жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады