5 ноября 2025 г. 9:12

Өскемен – Риддер тас жолында бес адам қаза тапты

Фото: видеодан скрин

Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы болып, бес адам қаза тапты.

Астана, NEGE. 4 қараша күні Өскемен – Риддер автожолының 48-шақырымында ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima шағын автобусы соқтығысты.

Полиция мәліметінше, оқиға орнында бес адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандардың жеке тұлғалары анықталып жатыр.

Алдын ала тергеу басталды. Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтап, жолдағы ауа райы жағдайын ескеруге шақырды.