Шығыс Қазақстан облысында студент қыз әкесін сотқа берді

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының №2 сотының мәліметінше, ер адам баласына өз еркімен материалдық көмек көрсетпегендіктен, қызы оны сотқа берген. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қаңтарда қыз 18 жасқа толды, әкесінің алимент төлеу жөніндегі міндеттемелері тоқтатылды. Содан кейін әкесі оған қаржылай көмек бермейтін болған. Алайда қыз жылына 250 мың теңге төлеп, колледжде оқып жатыр.

«Егер ата-аналар 21 жасқа толмаған, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру жүйесінде күндізгі оқу нысанында оқитын кәмелетке толған балаларына ақша бермесе, бұл қаражат олардан сот тәртібімен өндіріп алынады», – делінген соттың мәлімдемесінде.

Сот отырысында тараптар бітімгершілік келісімге келді, яғни дау медиация тәртібімен шешілді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Тоқаев Президент Әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебайдың жұмысына баға берді