Шығыс Қазақстан облысында ірі шөп қоймасы өртенді

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Мұқашы ауылында шөп қора өртеніп, 600 тоннадан астам салмағы бар 2000 бума шөп жанып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтап, өрттің кең аумаққа таралуына жол бермеді.

"Өрт сөндірушілердің күшімен көршілес ғимараттар мен шаруашылықтарға өрттің таралуының алдын алдық. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр", – деп хабарлады ТЖМ.

Өрт толықтай сөндірілді. ТЖМ шөпті сақтау және жинақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Жүк көліктерін заңсыз тіркеген: Алматыда «ЦОН» қызметкерлері сотталды

Өлімге әкелген көлік жарысы: Алматыда полицейлер тексеріліп жатыр

Президент қысқы Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты марапаттады

Қазақстанда жаңа шетелдік банк ашылады