Шиеліліктер «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдірді

Мемлекет басшысының аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру тапсырмасына сәйкес елімізде бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Сыр өңірінде «Таза Қазақстан - таза аймақ» акциясы ұйымдастырылды.

Қызылорда облысы

Қызылорда, NEGE. Аталған шараға Қызылорда облысының Шиелі ауданы тұрғындары ерекше қолдау білдіруде.

Бүгін шиеліліктер аталған акцияны қолдауға шақырған облыс әкімінің үндеуі аясында экологиялық акция ұйымдастырды.

Фото: Қызылорда облысы

Аудан халқы даңғайыр дихан Ыбырай Жақаев атындағы саябақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаш көшеттерін отырғызды.

Экологиялық акцияға аудан әкімдігінің, шаруашылық құрылымдарының қызметкерлері, белсенді тұрғындар мен жастардан 300-ге жуық тұрғын қатысты.
«Сыр бойының Швейцариясына» теңелген Шиелі ауданында өткен жылы 36 мың түп ағаш отырғызылса, биыл 31 мыңнан астам ағаш көшеттері егілді, арнайы қоқыс полигондарына 1 680 текше метр қоқыс шығарылды.

Фото: Қызылорда облысы

Өткен жылы облыс әкімінің қолдауымен алғаш рет өткізілген «Үлгілі елді мекен» конкурсының «Үлгілі аудан орталығы» номинациясының жеңімпазы атанған Шиелі ауданының тұрғындары экологиылық акцияға белсенді атсалысып, туған жерді түлетуге өз үлестерін алдағы уақытта да қоса бермек.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр