Шиеліде тұрғын үй ауласындағы көлік толығымен өртеніп кетті

Қызылорда облысында тұрғын үй ауласында тұрған «ГАЗель» автокөлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE.  Оқиға Шиелі кентінде 12 қыркүйек күні сағат 21.57-де тіркелді. Жергілікті өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне аудан орталығындағы Қажымұқан көшесіндегі тұрғын үйдің жанында автокөлік өртеніп жатқаны жөнінде хабар келіп түскен. «Оқиға орнына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен арнайы 4 маман барды. Сол кезде тұрғын үй ауласында «ГАЗель» автокөлігі өртеніп жатқан. Автокөлікке газ қондырғысы орнатылғаны белгілі болды. Өрт сағат 22.20-да толығымен сөндірілді», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты