«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды

Желіде полиция Назарбаев университетінің «Хайвил» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерінің бірінен екі шетел азаматын қару-жарақпен ұстағаны туралы ақпарат тарады.

facebook.com/murataben

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Threads желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

«Үкіметтік ғимараттардың қарсы бетіндегі Назарбаев университетінің «Хайвилл» тұрғын үй кешеніндегі пәтерінде шетелдіктер неліктен қару-жарақ арсеналын – мылтықтар мен тапаншаларды сақтаған?» – деп жазды депутат.

Астана полиция департаменті депутаттың тұрғын үй кешенінде «қарулы шетелдіктердің» ұсталғаны туралы ақпаратын ресми түрде жоққа шығарды. Полиция мәліметінше, пәтерге антиквар қару-жарақ кіргізілген.

«Тұрғын үйге белгілі бір заттарды кіргізу фактісі болғанын және ол жөнінде тұрғыннан хабарлама түсіп, оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел түрде жеткенін хабарлаймыз.
Тексеру барысында жәшіктің ішінде тарихи және мәдени құндылығы бар антикварлық қару-жарақ заттары болғаны анықталды. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, олар заманауи жауынгерлік қару санатына жатпайды. Тұрғындарға ешқандай қауіп төнген жоқ», – делінген хабарламада.

Астана полициясы тұрғындарға және депутатқа қоғамды дүрліктіруі мүмкін жалған ақпаратты таратпауға және сақ болуға кеңес берді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін