Шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркелуге міндетті болады

Сауда және интеграция министрлігінің басшылығы шетелдік онлайн-дүкендердың қызметін қайта қарау бастамасын көтерді.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, ведомство басшысы Арман Шакқалиев шетелдік маркетплейстерді тіркеу бойынша электрондық платформаны енгізуді ұсынады. Бұдан басқа, олар үшін тауарлардың қауіпсіздігі, контрафактіге қарсы күрес, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жеке деректерді сақтау және қорғау, салықтық және кедендік ашықтық жөніндегі талаптарды сақтау мақсатында міндетті шарттарды енгізу жоспарлануда.

Мұндай шараларды қабылдауға сатушылары Қазақстанның юрисдикциясынан тыс орналасқан шетелдік онлайн-сауда алаңдарына азаматтардың шағымдарының көбеюі себеп болды.

Қазір оқып жатыр

27 мамырда Қазақстанға Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді

Қазақстанда дизель отынына цифрлық бақылау және таңбалау жүйесі енгізілді

Иран Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді

Қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады: полиция ата-аналарға үндеу жасады