Шетелдік блогермен видеоға түскен полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды
Астанада туристік полицияның екі қызметкері жұмыстан шығарылды. Бұған әлеуметтік желіде тараған видео себеп болды.
Астана, NEGE. Видеода олардың бірі шетелдік блогердің өзін көтеріп, айналдыруына келіскен.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қызметтік тексеру барысында екі қызметкердің де қызметтік әдеп талаптарын бұзғаны анықталған.
«Қызметтік міндетін атқарып жүргенде және полиция формасын киіп жүрген кезде мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Полиция қызметкері кез келген жағдайда кәсіби әдепті сақтауға міндетті», – деп мәлімдеді ведомство.
Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан шығарылды.