Шетелдіктерді тонаған күдіктілер ұсталды

21 ақпан күні Доссор - Құлсары тас жолының 8 шақырым тұсында орналасқан шайхана ішінде белгісіз адамдар тобы тапаншаға ұқсас затпен Өзбекстан Республикасының азаматтарын қорқытқан.

Алматы, NEGE. 4 ұялы телефон мен мың рубль қаражатын ашық түрде жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған. 2003 ж.т, 2005 ж.т, 2003 ж.т аудан тұрғындары қамауға алынды.

ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.