Шетелдік инвесторлар Qazaq Air-ді сатып алуға ниетті

Qazaq Air компаниясын сатып алуға бірқатар инвестор өтінім берген. Мұны «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры Мират Өтепов мәлім етті, деп хабарлады Kazinform.

Алматы, NEGE. «Ресми ақпарат шыққанға дейін мұның (Qazaq Air компаниясын жекешелендіру — автор) мән-жайын айтуға құқым жоқ. Менің білуімше, бірқатар жергілікті және шетелдік инвесторлар өтінім беріп үлгерді. Оларға компанияның ақпаратымен танысуға рұқсат етілді. Қазір олар сол мәліметті зерделеп, талдап жатыр», — деді Мират Өтепов баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, тамыз айында «Самұрық-Қазына» Qazaq air авиакомпаниясын сатылымға шығарды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады