Шетелдік инвесторлар Қазақстанға жыл сайын 22 млрд АҚШ долларын құйып отырған

Былтыр елге 17 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров осылай деді. Оның айтуынша, соңғы 10 жылда Қазақстанға шетелдік инвесторлар жыл сайын шамамен 22 миллиард АҚШ долларын құйып отырған. Тек дағдарыс дендеген 2015 және 2020 жылдары бұл көрсеткіш төмендеген. Сондай-ақ ол былтыр инвесторлардың қаражаты пандемияға дейін басталған жобаларды жалғастыруға жұмсалғанын айтты. Нәтижесінде елде өткен жылы 7 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген 41 жоба іске асқан. Олардың арасында Түркістан облысындағы жаңа әуежай, Ақтаудағы туристік-қонақ үй кешені, Ақтөбе облысындағы бесінші буынды жылыжай және Жамбыл облысындағы күн электр стансасының құрылысы бар.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды