Шетелдік БАҚ Қазақстаннан Тайваньға келген 7 спортшыдан «омикрон» табылғанын хабарлады

Тайваньдық Taipei Times басылымы Қазақстаннан оралған каратешілерден 'омикрон' штамы табылғанын хабарлады.

Алматы, NEGE. Ауруларды бақылау орталығы бас директорының орынбасары Чуанг Джен-сяннің хабарлауынша, Тайвань карате командасының 7 мүшесінен "омикрон" табылған. Спортшылардың жетеуі де коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. Олар Алматыда өткен Азия біріншілігіне қатысыпты. 

Ал бүгін аймақтық коммуникация қызметінде өткен брифинг кезінде Алматы қаласының санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов қалада "омикрон" штаммы жоқ екенін мәлімдеді.