Шетелдік алаяқтарға көмектескен Қазақстан азаматы ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті трафикті және байланыс желілерін заңсыз пайдаланған Қазақстан азаматын ұстады.

Алматы, NEGE. Ең сорақысы, ол шетелдік алаяқтарға Қазақстанға шалған қоңырауларын жасыруға көмектескен. Айта кетейік, бұл операция шетелдік нөмірлерді қазақстандыққа ауыстыратын арнайы құрылғы арқылы жүзеге асырылған.

Күдікті байланыс операторларына залал келтіре отырып, үстемақы алып отырған. Ал шетелдік алаяқтар оның қызметін пайдаланып, қазақстандықтарды сан соқтырған.

Қылмыстық кодекстің 210-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді