Шетелден ұшып келген 9 жолаушының ПТР анықтамасы жоқ

2021 жылдың 3 сәуірінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.

Алматы, NEGE. 2021 жылдың 3 сәуірінде Қазақстан аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 40 халықаралық әуе рейсі келді. 4 942 жолаушы ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен - 4 933 адам, анықтамасыз - 9 ҚР азаматы келді. Оның ішінде: - Алматы қаласының әуежайына – 20 рейс, 3 102 жолаушы, анықтамамен - 3 095, анықтамасыз - 7; - Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 771 жолаушы, анықтамамен - 769, анықтамасыз - 2;

- Қостанай қаласының әуежайына – 5 рейс, 268 жолаушы анықтамамен келген; - Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 173 жолаушы анықтамамен келген; - Жезқазған қаласының әуежайына – 2 рейс, 22 жолаушы анықтамамен келген; - Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 148 жолаушы анықтамамен келген; - Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 154 жолаушы анықтамамен келген; - Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы анықтамамен келген; - Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 25 жолаушы анықтамамен келген; - Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 129 жолаушы анықтамамен келген. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр. 2 сәуірде анықтамасыз келген 34 ҚР азаматының ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін