Шетелден ұшып келген 34 адамнан коронавирус анықталды

Биылғы 6-25 қазан аралығында халықаралық әуе рейстерімен Қазақстанға келген 34 жолаушыдан коронавирус анықталды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов фейсбукте мәлімдеді. Ақпаратқа сәйкес, 25 қазан күні түнде елімізге 11 халықаралық авиарейс ұшып келген. Барлығы 1483 жолаушының 1228-інде коронавирусқа тапсырған анализдерінің анықтамалары болған, Қазақстанның 255 азаматында ондай анықтама болған жоқ. 11 авиарейс орындалды: - төртеуі Нұр-Сұлтан қаласына, барлығы 434 жолаушы, оның 350-інде анықтама – бар, 84-інде – жоқ; - алтауы Алматы қаласына, барлығы 939 жолаушы, оның 778-інде анықтама – бар, 161-інде – жоқ; - біреуі Шымкент қаласына, 110 жолаушы, 100-інде анықтама – бар, 10-ында – жоқ.

«Анықтамасыз үшып келген Қазақстан азаматтары ПТР-анализ тапсыру үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы карантиндік стационарларға жатқызылды. Жолаушылар Түркия, БАӘ, Украина және Беларусьтен келген. Биылғы 6 қазаннан бастап ПТР анықтамасыз келген халықаралық рейстердің 34 жолаушысы Қазақстанға коронавирус алып келді: Шымкент – 2, Нұр-Сұлтан – 4, Алматы – 28», - деді С.Байғабылов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған