Шетелден келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

Өткен түні елімізге Шарм-эль-Шейхтен 241 жолаушы ұшып келді.

Алматы, NEGE. Олардың 219-ында коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтама болса, қалған 22-сі тиісті құжатты көрсете алмады. ПТР сынама тапсыру барысында бір жолаушыдан коронавирус анықталды.

Қазан айынан бастап елордада осындай 9 дерек тіркелді. Ұшақтың 22 жолаушысы карантинге жатқызылды. Жалпы, Қарашаның 11-інен 12-сіне қараған түні Қазақстанға 8 әуе рейсі келген. Олар Түркиядан, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия және Ресейден 988 жолаушы ұшып келді. 952 адам ПТР анықтамамен, ал 36 қазақстандық құжатсыз келген.

Қазір оқып жатыр

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды