Шетелден келген 32 адам карантиндік стационарға жатқызылды

Шетелден ұшып келген қазақстандықтардың көбінде ПТР анықтама болмаған.

Алматы, NEGE. Кеше еліміздің аумағына 30 халықаралық рейс келіп қонды. Ұшақтардағы 4398 жолаушының 32-сінде теріс нәтижелі ПТР-тест анықтамасы болған жоқ. Олар әуежайдан карантиндік стационарға жеткізіліп, сол жерде тест тапсырды. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлап отыр. Аталмыш рейстер Үндістан, Мальдив Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен келді. Бұл ұшақтардың басым бөлігі Алматы қаласына қонды. Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтау, Қостанайға әуежайлары да бірқатар рейс қабылдады.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті