Шетелден Алматыға ұшып келген жолаушылар тексеріліп жатыр

Алматыға Ыстамбұлдан, Дубайдан, Минскіден және Бішкектен мыңнан астам жолаушы ұшып келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Олардың 239-ының ПТР-тесті жоқ. Естеріңізге сала кетейік, енді жаңа талап бойынша шетелден ұшып келушілердің қолында 72 сағаттан аспаған ПТР анықтамасы болу керек. Мұндай анықтамасы жоқ азаматтар ұшақтан түсе сала сынама алу пунктіне жіберіледі де, оның нәтижесі шыққанға дейін екі тәулікке арнайы стационарға оқшауланады. Ал анықтамасы жоқ шетелдіктерге Қазақстанға кіруге рұқсат етілмейді. Бұл талаптар елімізбен әуе қатынасы бар барлық елге қатысты. Сонымен қатар жолаушылар міндетті түрде бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?