Шетелден Алматыға келген 157 жолаушының ПТР-тесті болмаған

Алматыға түнгі рейстермен шет елдерден 887 адам ұшып келді. Оның ішінде 157 адамның ПТР анықтамасы болмаған.

Алматы, NEGE. Бұл жолаушылардың барлығы карантинге оқшауланып, олардан сынама алынған. 154 адамның ПТР нәтижесі дайын. Олар үйлеріне оралды деп хабарлайды департамент өкілдері. Қалған үш жолаушынікі әлі дайын емес. Халықаралық рейстер Ресей, Қырғызстан, Түркия, Корея секілді елдерден ұшып жеткен. Сырттан келген ПТР анықтамасы жоқ қазақстандықтарды оқшаулау үшін Алматыда төрт қонақ үй қарастырылған.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД бөлім басшысы Саят Қалметбаев: «Қонақжайда жатып, тексеруден өтіп, оның нәтижесі келгенше қаражаты қалалық әкімдік тарапынан қарастырылған. Және оның ішінде тек қана сол жерде жату емес, үш реттік тамақтану да бар» деді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»

Әдеп сақтамаған депутат жиында сөз сөйлеу құқығынан уақытша айырылады

«36 айлық көлемінде бонус алған»: QazaqGaz жауап бер(ме)ді

️Ресей Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдауды тоқтатады: министр мән-жайды түсіндірді