Шетелден 1 мың қазақстандықты қайтармақ

Шетелден 1 мың қазақстандықты қайтару жоспарлануда, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі

.
Алматы, NEGE. «Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында қазіргі эпидемиологиялық ахуал мәселелері қаралды. (…) Ресей Федерациясынан 1 мыңдай Қазақстан азаматын, оның ішінде сол жақта оқитын студент жастарымызды елге қайтару мәселесі қаралды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Соңғы ақпар бойынша, Қазақстанда 6440 адам коронавирус жұқтырған, 3311-і жазылып, 34-і көз жұмған.

Қазір оқып жатыр

Қырымда Ан-26 әскери ұшағы жартасқа соғылып, 29 адам қаза тапты

БҚО-да мектеп автобусымен болған жол апаты: 24 бала ауруханаға жеткізілген

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі