Шетелдегі қазақстандықтар ел аумағына еш кедергісіз кіре алады

Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары ел аумағына еш кедергісіз кіре алады.

Алматы, NEGE.  Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта шетелде жүрген Қазақстанның барлық азаматы Қазақстан аумағына еш кедергісіз кіре алады. Бұл ретте, еліміз азаматтарына шетелге шығуға тыйым салынады», - деді Шахрат Нұрышев.

Қазір оқып жатыр

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Қазақстандық екі клуб Еуропада үздік ондыққа енді

Шілдеден бастап Қазақстанда несие алу қиындай түседі

Жүк көліктерін заңсыз тіркеген: Алматыда «ЦОН» қызметкерлері сотталды