Шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысатын қазақстандықтарға шара қолданылады

Ақшалай сыйақы алу мақсатында шетелдегі әскери іс-қимылдарға қатысатын қазақстандықтарға шара қолданылады, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. ІМ әлеуметтік желілерде өзге мемлекеттердің қарулы күштерімен келісім жасасу арқылы ақшалай сыйақы алу ұсынысы бар жарнама мен бейнероликтердің тарала бастағанын атап өтті.

— Қарулы қақтығыстарға қатысқан жағдайда ҚР Қылмыстық кодексіне сай қылмыстық жауаптылық шаралары көзделген. Қазақстандық азамат шет мемлекеттің аумағында қарулы қақтығысқа немесе әскери іс-қимылдарға қатысқаны үшін жалдамалық белгілер болмаған кезде (ҚК-нің 172-бабы) 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауаптылық қарастырылады, — деп ескертеді ІІМ.

Ал жалдамалы болғаны үшін (ҚК-нің 170-бабы) іс-әрекеттің ауырлығына қарай 7 жылдан бастап мерзімге бас бостандығынан айыру не Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

ІІМ азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға және елеулі құқықтық салдарға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерге қатысудан бас тартуға қатаң кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты