Шетелдегі барлық референдум комиссиясы өз жұмысын аяқтады

59 елде дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9976 адамға жетті.

Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл дауыс берушілердің 81.06% келуін қамтамасыз етті. Бұл туралы ҚР Сырткы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

6 қазанда 7,8 миллионнан астам қазақстандық ел келешегін айқындайтын іс-шарада дауыс беруге қатысты. Бұл – дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,87 пайызы.