Шетел басшылары Қазақстан халқына бақ-береке тіледі

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларынан келіп жатқан құттықтау жеделхаттар легі жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Aлматы, NEGE. Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған өз хатында Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен өркендеуіндегі рөлін ерекше атап өтті. «Қазақстанның игілігі жолындағы қызметіңіз, мол тәжірибеңіз бен парасаттылығыңыз Өзіңіз үлкен үлес қосқан Түркі әлемінің бірлігі мен тұтастығын нығайтуда маңызды рөл атқарады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізге және отбасыңызға мықты денсаулық, бақыт пен ұзақ ғұмыр, ал бауырлас және достас Қазақстан халқына амандық пен бақ-береке тілеймін», - деп жазды Режеп Тайип Ердоған. Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы, Отанына деген сүйіспеншілігі мен оның тағдырына араласуы жас ұрпақ үшін лайықты үлгі екендігін атап өтті. «Сіздің 80 жылдық мерейтойыңызға орай менің жүрекжарды құттықтауым мен ізгі тілегімді қабыл алыңыз. Қазіргі таңда Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің барлық салаларында қол жеткізген табыстары, елдің экономикалық дамуындағы елеулі жетістіктері, халықаралық аренадағы беделінің нығаюы Сіздің атыңызбен тығыз байланысты», - делінген Түрікменстан басшысының жеделхатында. Бельгия Королі Филипп және Монғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга да өздерінің құттықтауларында Тұңғыш Президентке және Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды