Шетел азаматы ҚР Азаматтық заңнамасын бұзды

Павлодар облысының Шарбақты автобекетінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекарасын кесіп өту кезінде Ресей азаматшасы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Алматы, NEGE. Әйел адам ​ 2020 жылғы сәуірде Ресей азаматтығын қабылдаған, соған байланысты ол Қазақстан азаматтығынан айырылған.

Бұл туралы белгіленген уақытта құзыретті органдарды хабардар етпеген. Осы ​ іс-әрекеті ​үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 496-бабының 2-тармағында көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аудандық соттың шешімі бойынша ол Қазақстан Республикасынан шығару түрінде әкімшілік жазаға тартылды.