Шетел азаматтары қар үйіндісінде қалып қалған

Бұл тұралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. 

112 kz

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысы Хромтау қаласынан 20 шақырым жерде «Донское-Бадамша» автожолының 27 шақырымында минивен қар үйіндісіне тұрып қалып, қозғалысын жалғастыра алмады.

Құтқарушылар оқиға орнына барып, жоғары өтімді техниканың көмегімен ішінде жеті Тәжікстан азаматы бар көлікті сүйреп шығарды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.

Шетел азаматтары Қазақстан құтқарушыларына өз алғыстарын білдіруде.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті