Шет елде жүрген әнші Лидо неге қапаланды?

Елді дүрліктірген қауіпті індет салдарынан сауда орындарында жаппай азық-түлік сатып алу басталды. Олардың арасында танымалдар да бар.

Алматы, NEGE. Мөлдір Әуелбекова мен «AllДавай» тобының мүшесі Шоқан Маратұлы аталмыш дертен қорғану шараларын бастап кетті. Сақтық үшін бетперде киіп, ең қажетті және ұзақ сақталатын өнімдермен қатар өнер иелері тазартқыш заттар мен иммунитет көтеретін дәрумендер алғанын жазған.

Ал АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тұратын қазақстандық әнші Лидо да бұл вирустың өздерін айналып өтпегенін айтады. Жергілікті жұртшылық карантинге жабылудан сақтанып, сауда орындарынан қажетті заттарын алып үлгерген. Тіпті дүкен сөрелерінде ешқандай тауар қалмаған екен. Сондай-ақ, Лидо ханым, мерекелік шаралардың шегерілгеніне байланысты сүйікті әншісі Селин Дионның концертінің өтпейтініне біраз қапаланған. Енді ол кезекті кештің болар уақытын күтіп жүр.  

Айта кетейік, бүкіләлемдік карантин өнер иелерінің жоспарын кейінге қалдырды.

Қазір оқып жатыр

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?