1 июля 2022 г. 18:30

«Шешімі барда» түрлі мәселе көтеріліп, түйіні шешіледі

Фото:

Тележүргізушісі Дәнеш Асқарбекұлы бағдарламаның ерекшелігіне тоқталды.

Алматы, NEGE. Жаңа маусым! 4 шілдеден бастап «Алматы»телеарнасында өмірдегі шынайы кейіпкерлердің оқиғалары еш боямасыз, бүкпесіз көрсетілетін «Шешімі бар» ток-шоуы көрермендерге жол тартады.

«Шешімі бар» ток-шоу жанрындағы әлеуметтік хабар. Кез келген мәселе студияда талқыланып, оның шешу жолын іздейді. Тележүргізушісі Дәнеш Асқарбекұлы бағдарламаның ерекшелігіне тоқталды. 

«Қазіргі таңда Қазақстан телеарналарында ток-шоу форматы кең дамып жатыр. Әр телеарна ток-шоу шығаруға ұмтылады. Сондықтан басқа ток-шоулардан көрі «Шешімі бар» несімен ерекешелінеді? деген сұрақ туындайды. «Шешімі бар» ток-шоуы ел ішіндегі түрлі әлеуметтік мәселені көтеріп, шешімін іздейді. Біздің бағдарлама ұжымының басты мақсаты – кейіпкерлердің басындағы проблеманы түзету арқылы оның әлеуметтік маңыздылығын көрсету болып табылды», – деді Дәнеш Асқарбекұлы.

Дәнеш Асқарбекұлының айтуынша, соңғы жылдары журналистиканың әлеуметтік функциясы бұрынғыдан да көбейген.  

«Америкалықтар айтады, көптеген жыл бойы қордаланып қалған мәселені бір сағаттық ток-шоуда шешу мүмкін емес дейді. Дегенмен, қуанышқа орай, қордаланған мәселені шешіп жатырмыз. Негізі «Шешімі бардың» мақсаты бұл емес. Басты мақсаты – елдегі проблемаларды көрсете отырып, көрерменнің тәрбиелесе дейміз. Қазақ телевизиясының ардагері  Нұртілеу Иманғалиұлы айтпақшы, телеарна көрерменнің жетегінде кетіп қалмау керек, керсінше биік өнер ретінде, журналистика көрерменін жетектеуші рөлге ие болу керек. Сондықтан біз бағдарлама барысында кейіпкерлеріміздің басындағы проблеманы көрсете отырып, көрерменге бір ой тастасақ, сол біздің басты мақсатымыз», – деді ол.

Бағдарламаға қоғам қайраткерлері, құқық қорғау органдарының, медицина және әлеуметтік қызметтердің өкілдері, саясаткерлер, психологтар, танымал адамдар сарапшы ретінде шақырылады. 

Тегтер: