«Шерзаттың жанына жерлесең болды» – Нұрғанат Ғайыпбаев мерт болар алдында хабарлама жазған

Талғар қаласының маңынан Шерзат Болаттың 30 жастағыағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол салған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді.

Марқұмның туыстарына жазған хабарламасы табылды. Хабарламада 30 жастағы жігіт қоштасып, өзін Шерзаттың жанына жерлеуді сұраған.

Фото: әлеуметтік желіден

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

Күзет қызметкерлерінің түсініктемелері бойынша, ер адам күзетілетін нысаннан сағат 23:30-да шығып, жеке көлігімен кеткені айтылған. 

Қазір оқып жатыр

Сот Оразалы Ержановтың бостандығын шектеу туралы үкім шығарды

Hyundai-дің АҚШ-тағы мәселесі Қазақстандағы көліктерге әсер етпейді

Ақтауда депутат пластикалық отадан кейін қайтыс болды

Прокурор қоғам белсендісі Оразалы Ержановқа төрт жыл шартты жаза тағайындауды сұрады