17 апреля 2025 г. 11:36
Шерзаттың соты: Тараптар сот отырысын Талдықорғаннан Алматыға ауыстыруды сұрады
Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша екінші ашық сот процесі басталды.
Алматы, NEGE. Сот отырысы барысында судья тараптардың өтінішін тыңдады. Жәбірленушілер мен айыпталушылардың тараптары жолдың алыстығын және сотқа қатысушылардың барлығының Алматы және Алматы облысында тұратынын алға тартып, келесі сот отырыстарын Талдықорғаннан Алматы қаласына немесе Алматы облысына ауыстыруды сұрады.
Судья тараптардың өтініштерін қанағаттандырмады, алдағы сот отырыстарының да Талдықорғанда өтетінін мәлімдеді.