Шерзаттың соты: Ертең жәбірленушілерден жауап алынады

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыптау жөніндегі қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы басталды.

Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Талқылау аясында сот процеске қатысушылардың бірқатар өтінішхаттарын қарады.

Одан кейін мемлекеттік айыптаушы айыптау актісін жариялады. Сот сотталушылардың айыптауға қатысты пікірлерін анықтады.

Сондай-ақ сот іс материалдарын зерттеу тәртібін бекітті: бірінші кезекте жәбірленушілер, содан кейін куәлер, одан соң – сотталушылар сұралады.

Әрбір сұралған тұлғаға қатысты тиісті іс материалдары зерттеледі.

Келесі сот отырысы 2025 жылдың 18 сәуіріне сағат 10:00-ге белгіленді (жұмыс уақытының аяқталуына байланысты).

Қазір оқып жатыр

«Болашақ» бағдарламасы тізімінен Бостон және тағы университет алынып тасталды

Ұлттық қордың 25 жылы: бюджетке алынғаны 205 млрд доллар, қоржында қалғаны 79 млрд доллар

Салмақты тәсіл: тарифтік саясат қалай дамиды?

АҚШ-та білім алатын қазақстандықтар саны сиреген