2 мая 2025 г. 17:44

Шерзат ісіне байланысты Чика мен екі куәгер қызды жауапқа тартуды талап ететін петиция жарияланды

Фото: NEGE

Қазақстанда 16 жастағы Шерзат Полатты өліміне қатысы бар барлық адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап ететін петиция басталды.

Алматы, NEGE. «Шерзат Полат 16 жаста еді. Ол ересек ер адамдар тобының қатыгез шабуылынан кейін қаза тапты. Қазір бұл іс бойынша бар болғаны тоғыз адам сотталып жатыр. Алайда басты ұйымдастырушы – Чика – айыпталушылар қатарында жоқ. Қылмыс орнынан қашып кетуге көмектескен және пышақты жасырған екі қыз бұл іс бойынша қылмысқа қатысы бар тұлғалар емес, куәгерлер ретінде ғана өтіп жатыр. Іс бойынша басты куәгер – Нұрқанат есімді туысы қаза тапты. Тергеу бұл өлімді “суицид” деп таныды. Алайда бұл істегі сәйкестіктер өте көп. Бұл жай ғана бір отбасының қайғысы емес. Бұл – тұтас елге төнген қауіп. Егер қылмысқа қатысы бар адамдар жазаланбай қалса, бұл басқалар үшін дабылға айналады: “Қылмысты жасырып, жазадан құтылуға болады” деген белгі береді. Мен – анамын. Мен осы қоғамда өмір сүремін және балаларым мен келер ұрпаққа қауіпсіз, әділетті орта қалдырғым келеді. Біз әділ тергеу жүргізуді және бұл қылмысқа қатысы бар барлық адамды жауапқа тартуды талап етеміз», – делінген онлайн-петицияда.

Петиция әлеуметтік желілерде жарияланды. Петиция авторы – қазақстандық Асель Маханова. 

Алайда петиция GosRating.com сайтында орналастырылған, бұл Қазақстанда ресми сайт болып саналмайды. Елімізде ресми петициялар ретінде тек ePetition.kz платформасында жарияланған петициялар есептеледі.